О профсоюзе
Устав
Структура
Полезная информация Фотогалерея
Новости
Филиалы и членские организации
Блог председателя
Контакты
8 (7172) 69-23-55
Нур-Султан, пр. Кабанбай Батыра, 15 А

Поздравление Председателя Казэнергопрофсоюза Бекбас О.Т. с Днем Победы



Құрметті әріптестер!

Барлықтарыңызды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Біріміздің әкеміз, екіншіміздің атамыз, туысымыз, етжақынымыз осыдан 74 жыл бұрын қолдың күшімен, штыктың ұшымен, жүректің отымен, жастықтың жалынымен көптен күткен Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңісті қамтамасыз етті. Еркі мұқалған Еуропа, халқы қиналған мемлекеттер фашизмнің улы қақпанынан біздің жауынгер бабаларымыздың арқасында құтылды. Мұны ұмытар болсақ, жадымыздан шығарар болсақ, онда тарих кешірмейді, болашағымыз өшеді.
Жеңімпаздар рухы, жауын жықпай тоқтамас ата-баба салты бізді әрдайым қолдасын, әр үйдің түтіні бейбітшілікте шалқысын, болашағымыз айқын, ертеңіміз бұлтсыз болғай!

Оразбек БЕКБАС,
«Қазақстандық энергетиктердің
салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы.

Опубликовано: 8.05.2019, 17:49

← Вернуться к новостям
Оставьте свой комментарий