О профсоюзе
Устав
Структура
Полезная информация Фотогалерея
Новости
Филиалы и членские организации
Блог председателя
Контакты
8 (7172) 69-23-55
Астана, пр. Кабанбай Батыра, 15 А

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні

Жаздың бірінші күнінде, Шардара су электр станциясы АҚ-ы (бұдан әрі Қоғам) қызметкерлерінің балалары Халықаралық балаларды қорғау күнін жылсайынғы дәстүрмен қызу атап өтті.

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастарды тұрғылықты жері бойынша бос уақыттарын қамту, сол арқылы дене тәрбиесі мен спортқа, мәдени-танымдық және шығармашылыққа баулуға бағытталған спорттық алаңдар мен үйірме клубтары тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Осындай балалар мейрамында Қоғамның мәжіліс залында мерекелік іс-шара дайындалып, Қоғам қызметкерлерінің балалары қызықты тақпақтар, жұмбақ және би – билеп тамаша қызыққа бөленді.
Мерекелік іс – шара барысында Қоғам кәсіподағы комитетінің төрағасы Аманов Әлмахан Әскенбайұлы қызметкерлердің балаларын бүгінгі тамаша мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, оқуда озат, ата-анасының сүйкімдіде тәтті балалары болып өсе берулеріне тілектестік білдіріп, 124 балаға түрлі сыйлықтар мен тәттілер табыстады.
Сонымен қатар, Қоғамның жоспарлау – экономика бөлімінің бастығы Тұтқабаев Бағдаулет Есенкелдіұлы өзінің Қоғамда 17 жылдан астам қызмет ететінін және сол жылдар ішінде ешбір мереке (Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі күні, Ұлы Отан соғысының Жеңісі күні, Тәуелсіздік мерекесі күні, кәсіби Энергетиктер күні және Жаңа жыл мерекесі) атаусыз қалмайтынын айтып оның ұйымдастырушысымен Қоғам басшыларына алғысын айтып балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады.

Шардара СЭС кәсіподақ комитеті

Оқиғалардың суреттері

Опубликовано: 5.06.2017, 10:45

← Вернуться к записям
Оставьте свой комментарий